Көз аурулары
Қант диабетімен ауыратын адамдар диабеттің нашар бақылауынан туындайтын әр түрлі көз аурулары қаупіне ұшырайды. Оларға ең бірінші ретинопатия, катаракта және глаукома жатады. Осы офтальмологиялық патологиялардың кез-келгені уақыт өте келе соқырлыққа әкелуі мүмкін. Симптомдарды ерте анықтау бұл ауруларды алдын алу немесе азайту үшін маңызды болып табылады.
Ретинопатия (көз торларының патологиясы) диабеттің ең таралған асқынуын ұсынады. Ретинопатия кезінде көз торларының диаметрінде және қан тамырларының күйінде маңызды өзгерістер болады. Патологиялық процестердің қорытындысы тамыр қабырғасының жоғары өткізгіштігі және экссудаттың босаңсуы болып табылады. Мұндай күй непролиферативті немесе фондық, диабеттік ретинопатия деп аталады. Патологиялық өзгерістердің бұл кезеңі тұрақтандырылған гликемиялық бақылау және уақтылы тағайындалған емдеу тиімділігі жоғары болған кезде қайтымды болады.
Ретинопатияның шырқауының келесі кезеңінде өзгерістер неғұрлым маңызды болады. Оларға нүктелі қан құйылулар жатады, бара келе олар өрістеу сипатқа ие болады; оңай жарақатталатын, толық дамымаған тамырлардың түзілуі; фиброздалу процестерінің жандануы. Барлығы көрудің төмендеуіне, ал көз торының қабаттануы – көрудің ішінара немесе толық жоғалуына әкеледі.
Пролиферативті деп белгіленетін бұл кезеңде, патологиялық процестер қайтымсыз болып табылады.
Өкінішке орай, ретинопатия кеңінен таралған, әсіресе көп жылдар бойы диабетпен сырқат адамдардың арасында. Алайда қан құрамындағы қант деңгейін тұрақты бақылау кезінде, бұл асқынуды алдын алуға болады.
Катаракта көз бұршағының ауыртпалықсыз бұлыңғырлануын тудырады, бұл да көздің көруіне кері әсерін тигізеді. Катаракта қант диабеті кезінде ерте пайда болады, бірақ жиі қарт жастағы адамдарға тән. Окулисттің жыл сайын кеңесі катарктаны ауыр формаға өтуіне дейін айқындауға көмектеседі.
Глаукома – бұл көз ішіндегі сұйықтық қысымының артуы. Бұл ауру көру жүйкесін зақымдауға және көру қабілетін жоғалтуға әкелуі мүмкін. Глаукома 2-типті диабетпен ауыратын және ауыру өтілі үлкен адамдарға тән.
Көз ауруларының қаупін төмендету
Қажетті шараларды уақтылы қабылдау арқылы сіз қант диабетімен байланысты пайда болатын көз ауруларының даму қаупін едәуір төмендете аласыз.
- Қандағы қант деңгейін бақылаңыз. Қанда глюкозаның орташа деңгейі жоғарлаған кезде (созылмалы гипергликемия) ретинопатияның қаупі жоғарлайды. Әдетте, адам қант деңгейін қаншалықты жақсы бақылауда ұстаса, соғұрлым олар кеш дамиды және ретинопатияның дамуы баяу жүреді. Диабетті дұрыс бақылаған кезде катарактаның қаупі де төмендейді. Қан қысымын төмендетіңіз. Артериялық гипертензия ретинопатияның даму қаупін едәуір арттырады.
- Темекі тартудан бас тартыңыз. Темекі тарту катаракта және көптеген басқа диабеттік асқынулардың туындау қаупін азғырады.
- Жыл сайын ұлғайған қарашық кезінде көздің түбін тексертіңіз.
- Диабетпен ауыратын адамдарда көз аурулары аса ауыр формаға өтпейінше білінбеуі мүмкін. Бірақ дәрігер көру қабілеті нашар болғанға дейін ретинопатияны анықтай алады. Қарашықты кеңейтілген түрде тексергенде, офтальмолог тордың артындағы қан тамырларын тексереді. Ретинопатия неғұрлым ерте анықталған болса, соғұрлым Сіз көздің әрі қарай зақымдануын алдын аласыз.