Софткликс | kazakhstan
hamburger overlay

Акку-Чек Софткликс

Item Description

Акку-Чек Софткликс ауртпалықсыз1,2, гигиеналы және қауіпсіз қан тамшысын алуды қамтамасыз етеді.

Артықшылықтары:

  • Қалам түріндегі дизайні
  • Теріні әдейі зақымдау қаупін жоққа шығарады 
  • Қан тамшысын ауыртпалықсыз алу1,2

    1 Р. Д. Кубек Философия докторы, 8 маусым 2007 ж. Анықтамалық ақпарат Рош компаниясының сайтынжа.

     2Kocher, S, et al., Comparison of Lancing Devices for Self-Monitoring of Blood Glucose Regarding Lancing Pain J Diabetes Sci Technol 2009; Sep. 3(5):1136-1143.

Техникалық сипаттамалары
Құрылғының техникалық сипаттамалары::
  • Салмағы: ~13 г
  • Тесу тереңдігін реттеу мүмкіндігі: 11 позиция, тесу тереңдігінің шеңберлі реттегіші
  • Тесу тереңдігінің диапазоны: 0,6 мм-ден 2,25 мм-ге дейін
Ланцеттің техникалық сипаттамалары::
  • Иненің диаметрі: 0,4 мм
  • Силикон жабынымен
Пайдалану

Кішігірім өлшемі және қолайлы дизайні арқасында тесуге арналған Акку-Чек Софткликс құрылғысын пайдалану өте оңай.

  • Қалпақшасын шешіңіз
  • Тірелгенге дейін ланцетті ұстағышқа жаңа ланцетті орнатыңыз. Ланцет сарт етіп бекітілуі тиіс 
  • Ланцеттен қорғаныс саптамасын шешіңіз 
  • Құрылғыны қалпақшамен жабыңыз – сарт еткенге дейін
  • Тесу тереңдігінің шеңбер реттегіші Сізге қажет деңгейде орнатылғанына көз жеткізіңіз 
  • Сарт еткенге дейін батырманы басыңыз. Құрылғыны саусақтың ұшына тығыз басыңыз және жіберу батырмасын басыңыз 
  • Глюкоза деңгейін өлшегеннен кейін құрылғыдан қалпақшаны шешіңіз, ланцетті шығару үшін шығару механизмін алға жылжытыңыз. Қалпақшаны орнына орнатыңыз 

Жинақтың комплектациясы:

  • Акку-Чек Софткликс тесуге арналған 1 құрылғы
  • Акку-Чек Софткликс 25 ланцет
  • Пайдаланушы нұсқаулығы
  • Кепілдік талон

Керек-жарақтары:

  • Акку-Чек Софткликс ланцеттер