Гипергликемия | kazakhstan
hamburger overlay

Гипергликемия

Гипергликемия немесе қан құрамындағы қанттың жоғарлауы, қандағы қант деңгейі қалыпты мәндердің рұқсат етілген диапазонынан артқан кезде туындайды. Аурудың қолайлы болжамы үшін тырысуға қажет, Сіздің мақсатты гликемиялық көрсеткіштеріңізді анықтау үшін, өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізге жүгініңіз. 

Қан құрамындағы қант әртүрлі себептер бойынша жоғарлауы мүмкін, жиі оған мыналар әкеледі:

  • Тамақты шамадан тыс қабылдау
  • Нашар немесе бүлінген инсулин
  • Күйзеліс, инфекциялық немесе басқа аурулар
  • Қажетті медициналық препараттарды қабылдаудан бас тарту
  • Физикалық жүктеменің жеткіліксіздігі немесе мүлдем болмауы.

Қандағы қанттың жоғарылауы ауыр проблемалар мен созылмалы асқынуларды тудыруы мүмкін. Қандағы қанттың жоғарлауы туралы куәландыратын белгілерге:

  • Жиі кіші дәретке бару
  • Түсініксіз салмақ тастау
  • Көз көруінің бұзылуы
  • Ауыздың кебуі немесе терінің құрғауы
  • Қалжырау және жылдам шаршау
  • Тілік және жара орындарының баяу жазылуы 
  • Сұйықтықты қажетсіну жатады.

Қандағы қант деңгейі нормаға сәйкес келуін бақылап отыру маңызды. Қандағы глюкоза деңгейін жиі өлшеу, мүгедектікке әкелетін ауыр (гипогликемия және гипергликемиямен туындаған ауыр декомпенсация), сол сияқты созылмалы асқынуларды алдын алуға көмектеседі.