HbA1C туралы не білу керек | kazakhstan
hamburger overlay

HbA1C туралы не білу керек

Дәрігерлер дайындайтын талдаулардың нәтижелерінің  көптеген сандардың ішінде қарапайым HbA1C мәні қан құрамындағы қанттың қаншалықты жақсы екенін анықтауға көмектеседі.

Ең алдымен HbA1C не екенін анықтап алайық?

Сіз бұл көрсеткіштің түрлі мәндерін кездестіре аласыз:

  • A1c
  • Гликирленген гемоглобин
  • Гликозилирленген гемоглобин
  • Гемоглобин A1C

HbА1С деңгейі (гликирленген гемоглобиннің) эритроциттердегі гемоглобиннің қандай пайызы глюкозамен байланысатынын көрсетеді1. Құрамында гемоглобин бар эритроциттің өмір сүру мерзімі бірнеше ай болғандықтан, HbA1C сынағы алдыңғы 2-3 айда қандағы қант деңгейін бақылау қаншалықты тиімді болғанын анықтауға мүмкіндік береді.

HbА1С деңгейін қандай мерзімділікпен тексеру қажет?

Американдық диабеттік қауымдастығы (ADA) қандағы қант деңгейі тұрақты қант диабетімен ауыратын адамдарға HbА1С талдауын әрбір жарты жыл сайын жасауға ұсынады, ал егер көздеген қант деңгейіне жету мүмкін болмаса немесе емдеуді өзгерту қажет болса, бұл зерттеу әр 3 айда бір жасалады2.


HbA1C қандай деңгейіне ұмтылу керек?

Американдық диабет қауымдастығы HbA1C деңгейінің 7% немесе одан аз болуын ұсынады, ал денсаулыққа қауіп төндірмейтін неғұрлым 6% -ға жақынырақ болса, соғұрлым жақсы болады. Алайда, әр адам үшін бұл деңгей қазіргі кездегі денсаулық жағдайына байланысты және көптеген факторларды ескере отырып белгіленуі керек (атап айтқанда, адам гипогликемияның басталғанын сезеді ме). Егер сіздің HbA1C деңгейіңіз 7% -дан асса, дәрігер сізге оны төмендету үшін не істеу керектігі туралы кеңес береді, өйткені басқалармен қатар, бұл көрсеткіштің төмендеуі біз алдын-алуға тырысып отырған диабеттің ұзақ мерзімді асқыну қаупін азайтуға көмектеседі2.

Егер HbA1C сынағы жасалса, қандағы қанттың деңгейін өлшеусіз жасауға болады ма?

HbA1C орташа мән болғандықтан, қандағы қант көрсеткіштері күні бойы қауіпсіз шектерде болатындығына кепілдік бере алмайды. Орташа мәннің нені білдіретінін көрейік. Средним числом для чисел 5-5-5-5 сандары және 1-9-1-9 сандарының орташа мәні 5 саны болады, алайда кестеде 1-9-1-9 сандары күрт көтерулер және төмендеулер ретінде көрінеді.
Егер орташадан кейін күрт көтерілу мен құлдырау көп болса, HbA1C деңгейі сау адамның HbA1C деңгейіне ұқсас болуы мүмкін3.

Сондықтан HbA1C талдау нәтижелерін қандағы қант деңгейін өздігінен бақылау нәтижелері болған жағдайда бағалау дұрыс болады. Қандағы қант деңгейін өздігінен бақыламай, аурудың қалай дамитынын түсіну мүмкін емес.

Егер HbA1C деңгейі төмен болса, қандағы қанттың ауытқуы маңызды ма?

Қандағы қанттың деңгейі әдетте, күні бойы өзгереді, бұл біз немен тамақтанамыз, қанша қозғаламыз және демалатындығымызға байланысты. Қазіргі уақытта HbА1С  талдауының нәтижелерімен қатар гликемияның жоғары вариабельдігі де бағаланады – бұл қандағы қант деңгейінің ауытқуы осылай аталады.

Диабетті емдеу мен асқынуларына арналған зерттеулерде алынған деректер (Diabetes Control and Complications Trial, DCCT4), HbA1C бірдей деңгейінде қандағы қант деңгейінің айқын ауытқуы бар пациенттер белгілі бір асқынуларға тез ұшырамайтынын көрсетті.

Егер сіз қауіп тобына кіресіз бе әлде жоқпа және сіздің іс-әрекеттеріңіз қандағы қант деңгейіне қалай әсер ететінін білгіңіз келсе, онда Акку-Чек 360 ° формасының көмегімен (қандағы глюкоза талдауы: тамақтанар алдында және тамақтанғаннан кейін) тамақ, жаттығулар, дәрі-дәрмектер, күйзеліс немесе ауру күні бойы қандағы қант деңгейіне қалай әсер ететінін білетін боласыз. Бұл талдау жүйесі тіпті ол бойынша дәрігермен бірге жұмыс істегенде HbA1C деңгейін төмендетуге көмектесетіні дәлелдеді5

  1. Американская Диабетическая Ассоциация. Общие положения. Available at: https://www.diabetes.org/diabetes-basics/common-terms/
  2. Американская Диабетическая Ассоциация, стандарты в лечении сахарного диабета. 2010;34(1): S11-S61.Источник (англ. яз): https://care.diabetesjournals.org/content/34/Supplement_1/S11.full
  3. Медскайп сегодня. Как следует интерпретировать результаты гемоглобина A1c (HbA1c) у ваших пациентов с диабетом? Источник (англ. яз): https://www.medscape.com/viewarticle/413375
  4. Исследование и контроль над сахарным диабетом. https://www.niddk.nih.gov/about-niddk/research-areas/diabetes/dcct-edic-diabetes-control-complications-trial-follow-up-study/Pages/default.aspx
  5. Полонский, В. Х.. Структурированный самоконтроль уровня глюкозы крови значительно снижает уровень А1С при плохо контролируемом, неинсулиновом диабете 2 типа: результаты исследования. 2011;34(2):262-267 (англ. яз)