Қант диабеті дегеніміз не? | kazakhstan
hamburger overlay

Қант диабеті дегеніміз не?

Қазіргі уақытта әлемде 246 миллионға жуық адам қант диабетімен ауырады және бұл көрсеткіш 2025 жылға қарай 380 миллионға дейін өседі деп күтілуде1. Бірақ әлем халқының шамамен 4% -ы қант диабетімен ауыратынына қарамастан2, көптеген адамдар бұл ауру туралы аз біледі.

Диабеттің екі негізгі типі бар:

  • 1-ші типті қант диабеті иммундық жүйе инсулин түзетін ұйқы безінің бета-жасушаларын бұзғанда дамиды. Олардың организмдегі аутоиммунды деструкциясы нәтижесінде абсолютті инсулин тапшылығы пайда болады, бұл организмдегі барлық зат алмасу процестерінің бұзылуына әкеледі. Сондықтан 1-ші типті қант диабеті бар адамдар үнемі инсулин терапиясына мұқтаж. 1-ші типті қант диабеті кейде ювенильді диабет немесе инсулинге тәуелді диабет деп аталады.
  • 2-ші типті қант диабеті ұйқы безінде инсулин жеткіліксіз болған кезде немесе организм инсулинге сезімталдығы нашарлаған кезде дамиды. Инсулиннің салыстырмалы жетіспеушілігімен ұйқы безі осы гормонды өндіруді тоқтату қаупі бар және науқасқа инсулин терапиясы қажет болады. 2-ші тип диабетіне барлық жастағы адамдар шалдыққыш. Адамда неғұрлым артық салмақ болса – ерлерде де, әйелдерде де – 2-ші типті диабеттің даму қаупі соғұрлым жоғары3.

1 Международная федерация диабета. «Знаете ли Вы?» Информация доступна с 16 октября 2008 года на веб-сайте:

http://www.idf.org/home/index.cfm?node=264.

2 Бюро переписи населения США. «Мировой демографический прогноз». Информация доступна с 16 октября 2008 года на веб-сайте: http://www.census.gov/ipc/www/popclockworld.html. Численность населения во всем мире оценивается в 6,8 миллиардов человек.

3 Международная федерация диабета. Фактические данные о взаимосвязи диабета с ожирением. Информация доступна с 13 ноября 2008 года на веб-сайте: http://www.idf.org/home/index.cfm?node=1207