Қант диабетінің 2-ші типі | kazakhstan
hamburger overlay

Қант диабетінің 2-ші типі

Қант диабеті арасында 2-ші типті қант диабеті 90% жағдайда байқалады1. 2-ші тип диабетінде ұйқы безі инсулиннің жеткілікті мөлшерін түзе алады, бірақ ағза оны тиімді пайдалана алмайды. Бұл жағдай бауыр мен бұлшықет тіндерінің инсулинге сезімталдығының төмендеуінен туындайды және «инсулинге төзімділік» терминімен белгіленеді. Нәтижесінде ұйқы безі инсулин өндіруді мүлдем тоқтатуы мүмкін. Сондықтан, 2-ші типті қант диабетінің соңғы сатысында емдеуге арналған қантты төмендететін таблеткалармен бірге инсулин қолданылады.

2-ші типті қант диабеті көбіне егде жастағы адамдарда кездеседі, бірақ ол кез келген жаста басталуы мүмкін. 2-ші типті қауіптің қосымша факторларына:

  • Генетикалық бейімділік
  • Отбасындағы гистанциондық диабет жағдайы (жүктілік кезінде әйелдің қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауымен сипатталатын жағдай)
  • Семіздік

2-ші типті қант диабеті баяу және байқалмай дамитындықтан, көптеген адамдарда диагноз әртүрлі асқынулар пайда болғанға дейін түсініксіз болып қалады. Қант диабетімен ауыратындардың шамамен үштен бірінде диагноз қойылмайды2.

Диета мен тұрақты жаттығулар диабеттің осы түрін емдеудің маңызды компоненттері болып табылады. Пероральды дәрі-дәрмектерді тағайындау немесе инсулин инъекциясын тағайындау метаболикалық бұзылулардың ауырлығымен белгіленеді, дегенмен көп жағдайда бұл препараттарды бірге қолдану қажет. Қандағы глюкозаның өзін-өзі анықтауы терапияның сәттілігін белгілеуге көмектеседі.

1. Национальный отчет о диабете, 2017 год. Информация о диабете, исследование о бремени для государства в США. (англ. яз)

https://www.cdc.gov/diabetes/pdfs/data/statistics/national-diabetes-statistics-report.pdf

2. Американская Диабетическая Ассоциация. Стандарты медицинской помощи при диабете — 2008. Помощь при диабете, 2007; 31:S12-S54. Информация доступна на веб-сайте с января 2008 года (англ. яз):

http://care.diabetesjournals.org/lookup/content/full/31/Supplement_1/S12