Аяқ және табандардың ауыруы  | kazakhstan
hamburger overlay

Аяқ және табандардың ауыруы 

Диабетке шалдыққан адам үшін күнделікті аяқ күтімі денсаулығының ажырамас бөлігі болып табылады. Қандағы жоғары қант құрамы, аяқтарды оттек және қоректендіргіш заттармен қамтитын қан тамырларын зақымдай алады. Жеткіліксіз қан айналымы трофикалық бұзылуларға әкеліп, жүйке жасушаларының зақымдайды, инфекция жұқтыру қаупін арттырып, табандардың мүгедектік деформациясының қалыптасуына әкеледі.

Диабеттік табан және онымен байланысты асқынулар (жаралар, сүйек деструкциясы, гангрена) жиі аяқ ампутациясымен аяқталады, бұл өмірді құтқарудың жалғыз әдісі болып табылады. Өкінішке орай, статистиканың деректеріне қарағанда, аяқ ампутациясы жағдайларының 60%-дан астамы диабетке шалдыққан адамдарда болады1.

Неге талпыну қажет

Диабетке шалдыққан адамдарға жылына бір рет табандарын медициналық тексеруден өткізу ұсынылады, ал табандары зақымданған жағдайда – одан да жиі қарану қажет2. Егер сізде қандай да бір төменде көрсетілгендей симптомдар байқалса, дәргерге көрінуіңіз керек3:

  • Ауырсыну сезімталдығының төмендеуі немесе аяқтардағы немесе табандардағы ауырсыну, тактильдік немесе температуралық сезімталдықтың төменгі шегі
  • Терідегі жаралар
  • Көбекірген тырнақ
  • Табан пішінің деформациясы
  • Сүйел және мүйізгектер.

Диабет кезінде табан күтімі бойынша пайдалы әдеттер 

Сіздің емдеуші дәрігеріңіз ұсынған қан құрамындағы қанттың деңгейін қалпында ұстап және табанға күнделікті күтім жасауға ерекше назар аудара отырып, Сіз әрі қарай прогрессивті асқынуды алдын аласыз. Егер табандарыңыз бен саусақтарыңыз сау болсын десеңіз, мына қарапайым ережелерді ұстаныңыз4:

  • Үнемі табандарыңызды қарап отырыңыз
  • Жайлы аяқ-киім киіңіз
  • Аяғыңызды күн сайын сабынды жылы сумен жуыңыз

Аяқтың тырнағын дөңгелек сызықпен емес, түзу сызықпен алыңыз, бірақ тым қысқа алмаңыз.

1 Центры лечения и профилактики заболеваний. Национальный информационный бюллетень по вопросам диабета, 2007. Источник: https://www.cdc.gov/diabetes/basics/index.html.

2 Американская Диабетическая Ассоциация. Уход за стопами. Источник: http://www.diabetes.org/living-with-diabetes/complications/foot-complica...

3 Национальный институт по лечению и профилактике диабета, заболеваний пищеварительного тракта и почек. «Профилактика диабетических осложнений: сохраните свои стопы и кожу здоровыми». Информация доступна с 20 февраля 2008 года на веб-сайте: http://diabetes.niddk.nih.gov/dm/pubs/complications_feet

4 МедЛайн плюс. Здоровые стопы. Информация доступна с 20 февраля 2008 года на веб-сайте: http://www.nlm.nih.gov/medlineplus/foothealth.html.

Share

Filed under: