Бүйрек аурулары | kazakhstan
hamburger overlay

Бүйрек аурулары

Бүйрек қанды миллиондаған ұсақ қан тамырлары арқылы сүзеді, содан кейін оның барлық қалдықтарын ағзадан несеппен шығарады. Қант диабеті нашар бақыланған кезде, бұл тамырлар айтарлықтай өзгеріске ұшырайды, бұл бүйрек гемодинамикасының бұзылуына және бүйректің өмірлік қызметінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, бүйректің құрылымдық элементтері (бүйрек шумақтары) олардың ішінде шамадан тыс қысым пайда болған кезде «гидравликалық қысымға» ұшырайды, бұл ақыр соңында бүйрек тінінің қатаюына және бүйрек жеткіліксіздігіне әкеледі - бұл ағзаның қауіпті өлім күйіне әкелетін жағдайы.

Созылмалы гипергликемия, майлардың алмасуының бұзылуы және қан қысымының жоғарлауы бүйректегі патологиялық өзгерістердің негізгі себептері болып саналады. Ақыр соңында, бүйрек ауруы немесе нефропатия 1-ші типті қант диабетімен ауыратын адамдардың 30% -ында және 2-ші типті қант диабетімен ауыратындардың 10-40% -ында дамиды1.

Темекі шегу, қандағы қантты бақылаудың жеткіліксіздігі немесе қан қысымының жоғарлауы бүйрек ауруы қаупін арттырады. Туыстарыңыздың кез келгенінде бүйрек жетіспеушілігі қаупіті арттырады.

 Диабеттік нефропатияны анықтау

Диабеттік бүйректің зақымдануының алғашқы кезеңінде клиникалық симптомдардың болмауына қарамастан, заманауи тексеру кезінде асқынудың ерте (клиникаға дейінгі) белгілерін анықтауға мүмкіндік береді.

Сіздің зәр талдауыңыз микроальбумин деп аталатын ақуызға тексеріледі. Егер бұл ақуыз табылса және оның «диабеттік» шығу тегі туралы күмән болмаса, сізге ауруды бәсеңдететін немесе одан әрі дамуын болдырмайтын ем тағайындалады, өйткені нефропатияның бұл кезеңі қайтымды болып табылады. 12-ден 70 жасқа дейінгі диабетиктер жылына кем дегенде бір рет зәр талдауын тапсырып отыруы тиіс2.

Профилактикалық шаралар

  • Қандағы қант құрамын қалып шегінде ұстаңыз. Гликемия көрсеткіштері қандай мәндер шегінде болуы туралы емдеуші дәрірегірңізбен кеңесіңіз.
  • Қысым жоғарлаған кезде – оны төмендетіңіз. Қандай қысым сіз үшін қалыпты болып саналады және қысым көтерілгенде қандай шаралар қолдану керек екені туралы кеңес алыңыз. Медициналық препараттар, әсіресе АПФ ингибиторлары, қан қысымын тиімді төмендетеді және бүйрек жетіспеушілігінің дамуын алдын алады.
  • Несепте ақуыз құрамының төмендетіңіз. Егер несепте ақуыз анықталған болса, онда қандай шаралар қолдану керек туралы, өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізбен кеңесіңіз: дәрі-дәрмекпен емдеу қажет пе немесе тамақпен ақуызды пайдалануды шектеу жеткілікті.
  • Темекі тартудан бас тартыңыз. Темекі тарту бүйрек жетіспеушілігінің даму қаупін арттырады.

1 Национальный почечный фонд США. Источник: http://www.kidney.org/atoz/atozItem.cfm?id=37.

2 Национальный почечный фонд США. Микроальбуминурия при диабетической нефропатии. Источник: http://www.kidney.org/news/newsroom/fs_new/microalbindbkd.cfm.

Share

Filed under: