Диабет және сексуалдық денсаулық | kazakhstan
hamburger overlay

Диабет және сексуалдық денсаулық

Қант диабеті ерлер мен әйелдердің сексуалдық денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Ерлерде болуы мүмкін асқынулар

Диабет эрекцияға жету үшін қажетті қан айналымының бұзылуына әкелетін жүйке талшықтары мен артерияның зақымдануын тудыруы мүмкін. Диабетке шалдыққан ерлер қозулық дисфункция немесе белсіздік деп аталатын патологиялық күйге 3 есе жиі тап болады1. Қозулық дисфункция жиі кездеседі және емделеді.

Белсіздіктің туындау ықтималдығын ұлғайтуға қабілетті бірнеше факторларды келтірейік:

  • Созылмалы гипергликемия
  • Жоғары холестерин
  • Жоғары қан қысымы
  • Темекі тарту
  • Ішімдікке салыну.

Сонымен қатар, кейбір дәрі-дәрмектер, соның ішінде қан қысымын төмендететін дәрілер, антидепрессанттар және асқазан жарасына қарсы дәрі-дәрмектер сексуалдық дисфункцияға ықпал ететін жанама әсерлерге ие болуы мүмкін. Сексуалдық функцияға кез-келген стресс кері әсер етуі мүмкін.

Профилактика және емдеу

Қозулық дисфункцияны емдеудің әртүрлі терапиялық әдістері бар, соның ішінде пероральді дәрі-дәрмектер, инъекциялар, суппозиторийлер, вакуумды қондырғылар.

Әйелдерде болуы мүмкін асқынулар

Қант диабетінің бір салдары ретінде сексуалдық дисфункция әйелдерде де болуы мүмкін. Қандағы қанттың жоғарылауы, жүйке зақымдануы, депрессия және саңырауқұлақ инфекциясы сексуалдық дисфункцияға әсер етеді2.

Егер сізде келесі белгілер болса, бұл, ең алдымен, қант диабетімен байланысты сексуалдық дисфункцияның көрінісі:

  • Секске деген қызығушылықтың болмауы
  • Қынаптың құрғауы
  • Жыныстық акті уақытындағы жайсыздық
  • Оргазмға жету әлдеқайда қиын.

Профилактика және емдеу

Алдымен Сіз үшін ең жақсы емдеу әдісін анықтауға көмектесетін дәрігеріңізбен кеңесіңіз. Кейбір жағдайларда қынапты майлағышты қолдану сияқты қарапайым шешім көмектеседі. Егер сізде жыныстық өмірде проблемалар болса, онда мамандардан көмек сұраңыз.

1 MayoClinic.com. Эректильная дисфункция и диабет: возьмите контроль в свои руки. Источник: http://www.mayoclinic.com/health/erectile-dysfunction/DA00045.

2 Дженнифер Уайдер. Диабет наносит удар по сексуальной жизни многих женщин. Источник: http://swhr.org/about/swhr-publications/#1467821301104-af57b96d-87b7.

Share

Filed under: