Невралгия және жүйке жасушаларының зақымдануы  | kazakhstan
hamburger overlay

Невралгия және жүйке жасушаларының зақымдануы 

Қан құрамындағы қанттың жоғарғы деңгейі жүйке жасушаларының қорғаныс қабықшасына зақым келтіреді, сонда жүйке талшығы бойынша импульстардың (сигналдардың) өтуі қиындайды. Мұндай ауру невропатия деп аталады.

Көптеген адамдар біледі, жүйкенің зақымдануы қол мен табандардың функционалдық қабілеттігіне кері әсер етеді – сондықтан әрбір тексеру кезінде дәрігер аяқтардың (табандардың) дисталды бөлімдеріндегі сезгіштікті тексеруі тиіс. Алайда жүйке жасушаларының бұзылуы организмдегі барлық мүшелердің - ас қорыту жолдарынан бастап қуық пен жыныс мүшелеріне кері әсер етеді. Сонымен қатар, жүйке жүйесінің зақымдануы қандағы қанттың төмен белгілерін сезінуді қиындатуы мүмкін, содан кейін гипогликемия танылмай қалады1.

Кім диабеттік невропатия қаупіне шалдыққыш?

Диабетке шалдыққан шамамен 60-70% адамдарда, жүйке жүйесінің аурулары шарасыз туындайды. 25 жылдан бері қант диабетімен ауыратын адамдар, сондай-ақ жоғары холестерині бар, гипертониясы немесе артық салмағы бар диабетиктер жүйке жүйесінің зақымдалуына ең сезімтал. Бұл сонымен қатар қандағы қант мөлшерін бақыламайтын адамдарда жиі кездеседі.

Невропатияның симпомдары

Симптомдар нейропатия түріне және қандай нервтердің зақымдалуына байланысты түрленеді. Кейбір жағдайларда невропатия мүлдем білінбеуі мүмкін. Себебі бұл ауру баяу дамитындықтан, оның симптомдары ұзақ уақыт бойы жасырын қалуы мүмкін. Мына тән өзгерістерге назар аударыңыз1:

  • Аяқ-қол бақайлары мен саусақтарында, табандарда, аяқ немесе қолдардың  ұйып қалуы, шаншуы немесе ауырсынуы
  • Ұстағанда төмен сезгіштік
  • Ас қорытудың бұзылуы, лоқсу немесе құсу
  • Жұтқан кезде туындайтын қиындықтар
  • Іштің өтуі немесе ішқатпа
  • Сіз тұрған немесе отырған кезде бас айналу немесе әлсіздік 
  • Түнгі мезгілде немесе тамақ ішкен уақытта тым терішендік
  • Несептің шығуында қиындық
  • Сексуалдық бұзушылықтар (ер адамдарда эректалды бұзылушылық немесе әйел адамдарда қынаптық құрғақшылық)
  • Тепе-теңдік пен координацияның бұзылуы.

Диабеттік невропатияны емдеу

Диабеттік невропатияны қан құрамындағы қантты бақылаудан бастау қажет. Сонымен бірге, Сізге дұрыс тамақтану, физикалық жүктеме және дәрі-дәрмекпен емделу көмектесуі мүмкін. Емдеуші дәрігер Сізге пероральды препараттар немесе жергілікті ауырсынуды басу үшін арнайы крем тағайындауы мүмкін.

Кез келген жоғарыда аталған симптомдар пайда болған кезде өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізге жүгініңіз.

1 Национальный институт по лечению и профилактике диабета, заболеваний пищеварительного тракта и почек. Диабетические невропатии: повреждение нервов при диабете. Информация доступна с 16 октября 2008 года на веб-сайте:

http://diabetes.niddk.nih.gov/dm/pubs/neuropathies/index.htm.

Share

Filed under: