Тіс және қызыл иек күтімі | kazakhstan
hamburger overlay

Тіс және қызыл иек күтімі

Диабетпен ауыратын адамдарда қызыл иек аурулары, бұл аурумен ауырмайтындарға қарағанда екі есе жиі кездеседі. Қызыл иектің қабынуы және инфекциялық аурулары диабеттің асқынуының бірі болып табылады. Статистиканың деректеріне сәйкес, диабетпен ауыратын адамдардың үштен бір бөлігі ауыр периодонтты аурулармен ауырады1. Стоматологта тұрақты профилактикалық тексерулер мен тістің жақсы күтімі стоматологиялық проблемалардың дамуын алдын алуға көмектеседі.

Ықтмал проблемалар

Тістің шіріуі және қызыл иек ауруларынан басқа, диабетпен ауыратын адамдарда, жиі мына аурулар кездеседі.

Ауыздың улануы (оралдық кандидоз) — бұл ауыз қуысының шырышты қабығының саңырауқұлақ инфекциясы, онда тілде ақ және қызыл дақтар пайда болады. Олар аузында ауырсыну немесе жану сезімімен бірге жүруі мүмкін. Ауыздың улануы сілекейдегі қанттың көбеюінен туындауы мүмкін. Сіздің тіс дәрігеріңіз саңырауқұлаққа қарсы дәрі-дәрмектерді ем ретінде тағайындай алады.

Ауыздың құрғауы (ксеростомия) ыңғайсыздықты тудыруы және жұқпалы ауруларға немесе тістің бұзылуына әкелуі мүмкін. Тістің бұзылуын болдырмау үшін сіздің тіс дәрігеріңіз жасанды сілекей алмастырғышты немесе фтормен емдеуді тағайындай алады.

Қызыл иек ауруларының профилактикасы

Қызыл иек ауруларын алдын алуға болады. Тісіңіз және қызыл иегіңіз сау болу үшін, мына ұсыныстарды сақтаныңыз 3:

  • Стоматологыңызға сіз диабет ауруымен ауыратыңызды хабарлаңыз 
  • Күніне екі рет фторы бар тіс пастасымен тісіңізді тазалаңыз 
  • Тіске арналған жіппен тісті жиі тазалап отырыңыз 
  • Профилактикалық тексеру үшін стоматологқа тұрақты түрде барып тұрыңыз 
  • Тамақтануыңызды үйлесімді етіңіз
  • Қандағы қант деңгейін бақылауда ұстаңыз.

Стоматологқа қашан қарану қажет 

Мына симптомдар пайда болған кезде Сіз стоматологқа қарануыңыз қажет 2:

  • Қызыл иектің қаңсырауы
  • Қызыл иектің қызаруы, ісінуі және жұмсақтығы 
  • Тіс пен қызыл иектің арасында бос қуыстардың түзілуі 
  • Үнемі ауыздан жағымсыз иістің шығып тұруы немесе ауыздағы жағымсыз дәм 
  • Қозғалып тұрған тіс немесе тістеген кезде сезудің өзгеруі 
  • Тіс протезінің тіске жанасуындағы өзгеріс.

1 Американская Диабетическая Ассоциация. Осложнения диабета в США. Источник: http://www.diabetes.org/living-with-diabetes/complications/

2,3 Американская Диабетическая Ассоциация. Диабет и гигиена полости рта. Источник: http://www.ada.org/en/~/media/ADA/Publications/Files/For_the_Dental_Pati...

Share

Filed under: