Жоғары қан қысымы | kazakhstan
hamburger overlay

Жоғары қан қысымы

Қан қысымының жоғарылауы немесе гипертония тамырлы қабырға күйінің айтарлықтай бұзылуына байланысты пайда болады, бұл кезде қан тамырларының диаметрі ғана өзгеріп қана қоймай, қан ағымының өтуі де қиынға соғады. Сонда қанды тамырлы арна бойымен жылжыту үшін жүректің әдеттегіден жиырылуы керек және бұл ауыр ауруларға әкелуі мүмкін.

Диабетпен ауыратын және жоғары қан қысымы бар адамдар, гипертоник болып табылатын, бірақ диабетпен ауырмайтын адамдарға қарағанда екі есе жиі жүрек ауруларымен сырқаттану қаупіне душар. Зерттеулер көрсеткендей, гипертония кезінде бүйрек, диабеттік көз аурулары мен инсульттің қаупі артады1.

Жоғары қан қысымының себептері

Американдық Диабеттік Қауымдастықтың статистикалық деректеріне байланысты, диабетпен сырқат шамамен 73% ересек адамдарда жоғары қан қысымы бар немесе рецепт бойынша берілетін қан қысымын төмендетуге арналған дәрі-дәрмектерді пайдаланды2. Жоғары қан қысымының себептері осы күнге дейін белгіленбеген, бірақ гипертонияны қоздыратын бірнеше факторлар бар:

  • Тұқым қуалаушылық
  • Нәсілдік тиесілік
  • Жас
  • Пассивті өмір салты
  • Ішімдікке салыну
  • Тұзға жоғары сезгіштік
  • Артық салмақ
  • Күйзеліс.

Жоғары қан қысымын анықтау 

Жоғары қан қысымы әдетте сыртқы белгілер және симптомдар бойынша анықталмайды. Сіз істей алатын жалғыз нәрсе – дәрігерге әрбір барған уақытта қан қысымын өлшеңіз. Бұл жылдам және қарапайым процедура және Сіз бірнеше рет өткен боларсыз. 

Егер Сіздің қан қысымыңыз жоғары болса, онда дәрігер қан қысымын жиі өлшеуге кеңес береді. 

Жоғары қан қысымын алдын алу шаралары және емдеу 

Жоғары қан қысымын емдеп шығу мүмкін емес, бірақ оны бақылауда ұстауға болады. Жоғары қан қысымының пайда болу ықтималдығын келесі түрде төмендетуге болады3:

  • Қалыпты салмақты ұстау
  • Физикалық жаттығулармен айналысу
  • Дұрыс тамақтану, яғни, күнделікті рационға жеміс-жидектерді, көкөністерді, ірі тартылған ұннан жасалған өнімдерді қосу  
  • Тұзы, майы аз және майсыз еттен дайындалған тағамдарға артықшылық беру 
  • Алкогольді асыра тыс пайдаланбау
  • Темекі тартудан бас тарту.

Сіздің емдеуші дәрігеріңіз қалыпты қан қысымын ұстап тұру үшін қосымша дәрі-дәрмекпен емдеуді тағайындай алады. Препараттарды таңдау және олардың мөлшері Сіздің жеке ерекшеліктеріңізге байланысты болады.

1 Американская Диабетическая Ассоциация, Американский Институт кардиологии. Гипертония при диабете. Исследования в области диабета и сердечно-сосудистых заболеваний. 2013. Источник: http://www.diabetes.org/living-with-diabetes/complications/high-blood-pr....

2 Американская Диабетическая Ассоциация. Источник: http://www.diabetes.org/living-with-diabetes/complications/.

3 Всемирная лига борьбы с гипертонией. Немедикаментозная терапия высокого кровяного давления (гипертонии). Информация доступна с 17 ноября 2008 года на веб-сайте: http://www.worldhypertensionleague.org/Pages/NonpharmacologicTherapyForH...

Share

Filed under: