Жүрек аурулары | kazakhstan
hamburger overlay

Жүрек аурулары

Қант диабеті жүрек ауруы және инсульттің даму қатерін арттырады. Диабет кезінде 75% шамасындағы өлім жағдайлары жүрек аурулары немесе жүрек патологиясы салдарынан болады1.

Биохимиялық өзгерістерді қоздыратын қандағы қанттың жоғарылауы қан тамырлары құрылымына ерте ме, кеш пе қан «соққы береді», соның салдары жүрек-қан тамырлары ауруларына, соның ішінде қан қысымының жоғарылауына, гиперхолестеремияға және қан ұюының бұзылуына әкеліп соғады. Сонымен бірге Сізге тәуелсіз факторлардан басқа (тұқым қуалаушылық, жас және жыныс сияқты), жүрек ауруының даму қатері мына жағдайларда артады:

  • Қанда майлар, дәлірек холестерин және триглицеридтердің құрамының жоғарлауы
  • Жоғары қан қысымы
  • Физикалық белсенділіктің жетіспеуі немесе болмауы 
  • Артық салмақ
  • Күйзеліс
  • Ішімдікке салыну
  • Темекі тарту.

Жүрек аурулары кезіндегі симптомдар 

Төмендегі белгілердің кез-келгені жүрек, инсульт немесе басқа жүрек-қан тамырлары ауруларының белгісі болуы мүмкін. Егер сізде осындай кез келген симптомдар болса, шұғыл түрде дәрігерге бару қажет:

  • Кеуденің ауыруы немесе ауырлық 
  • Бас айналу ұстамалары
  • Жақтың, арқаның, қолдың, мойынның немесе іштің ауыруы 
  • Тілінген жерлер мен жаралардың баяу жазылуы 
  • Сілейіп қатып қалу немесе кенеттен әлсіздену
  • Тыныққаннан кейін басылатын, аяқтың ауыруы 
  • Демікпе
  • Терішеңдік және бас айналу.

Жүрек ауруларын алдын алу

Диабетті бақылауды бағалау және ілеспе патологияларды анықтау үшін жылына 2-4 рет өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізге көріну қажет2.

Сонымен бірге, жүрек ауруларын алдын алу үшін Сіз мына шараларды қолдана аласыз:

  • Қандағы қантты Сіздің емдеуші дәрігеріңіз ұсынған деңгейде ұстау
  • Қан қысымын тұрақтандыру
  • Дұрыс тамақтану арқылы қандағы холестерин және триглицеридтердің құрамын бақылау 
  • Темекіден бас тарту
  • Күнделікті физикалық жаттығуларды орындау 
  • Егер ұсынылған нормадан артса, салмақты төмендету 
  • Алкогольді тек қана орынды мөлшерде пайдалану 
  • Емдеуші дәрігермен кеңесу, Сізге аспиринді күнделікті қабылдауға ұсынылады ма.

Егер сіздің денсаулығыңызды жақсарту үшін өмір салтын өзгерту жеткіліксіз болса, дәрігер сізге дәрі тағайындауы немесе хирургиялық араласуды ұсынуы мүмкін. Көбінесе, қанның ұю қаупін азайту үшін аспириннің тәуліктік мөлшері тағайындалады. Дәрігер сонымен бірге:

  • Жүрек соғу жылдамдығын төмендетуге және қан қысымын төмендетуге арналған бета-блокаторлар
  • Қан тамырларын кеңейту үшін АПФ ингибиторлары 
  • Холестерин деңгейін төмендетуге әрекет жасайтын тежеушілерді тағайындауы мүмкін.

1 Американская Диабетическая Ассоциация. Факторы риска и коронарная болезнь сердца. Информация доступна с 16 октября 2008 года на веб-сайте:

http://www.americanheart.org/presenter.jhtml?identifier=4726.

2 Американская Диабетическая Ассоциация. Источник:

http://www.diabetes.org/living-with-diabetes/treatment-and-care/whos-on-....

Share

Filed under: